×

Жедел жәрдем тәулік бойы қызмет көрсетпейді — министрлік түсініктеме берді

Денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді

Жедел жәрдем тәулік бойы қызмет көрсетпейді — министрлік түсініктеме берді
Фото: СҚО баспасөз қызметі

Қазақстанда жедел медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгеріс енгізу жөніндегі бұйрықтың жобасын әзірлеген болатын. Алайда бірқатар БАҚ-та жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасының мазмұны қате жарияланды. Осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Бүгін бірқатар БАҚ-та жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасының мазмұнын қате түсіндіру жарияланды. Осыған байланысты біз түсіндіреміз: бұрынғыдай, 103 нөміріне қоңырау шалу арқылы барлық пациенттер шақырту санатына қарамастан толық көлемде медициналық көмек ала алады. Сонымен қатар жеделдікті жақсарту үшін жұмыс уақытында шұғылдықтың IV санатындағы шақыртуларға қызмет көрсетуге медициналық-санитариялық алғашқы көмектің мобилдік бригадалары тартылатын болады. Кешкі және түнгі уақытта, сондай-ақ демалыс күндері барлық санаттағы шақыртуларға жедел көмек бригадалары қызмет көрсететін болады. Осылайша, азаматтар үшін ештеңе өзгермейді, бірде-бір шақырту назардан тыс қалмайды және пациенттерге қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасы одан әрі жақсарады», – деді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Айгерім Уразалиева.

Еске салайық, бұған дейін медициналық көмек көрсету қағидаларына өзгеріс енгізу жөніндегі бұйрық жобасы әзірленіп, жаңа өзгерістерге сәйкес, жедел жәрдем 4-ші санаттағы шақыртуларға тәулік бойы емес, кесте бойынша қызмет көрсететінін жазған болатынбыз. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда визаның тағы бір түрі іске қосылды
Бүгін, 18:04

Қазақстанда визаның тағы бір түрі іске қосылды

Digital Nomad Visa – Қазақстанды цифрлық көшпенділер үшін халықаралық орталыққа айналдыруға бағытталған маңызды қадам
Биыл жұмыс істейтін алматылық жастар үшін 2100 жалдамалы пәтер берілді
Бұл ұйым елде зайырлы конституциялық құрылымды құлатып, “шариғат” нормаларын енгізбек болған  

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →