×

Абай облысындағы бірнеше ауданда салынған жолдар сапасыз болып шықты

Енді кеткен кемшілікті жоюға он күн уақыт беріледі

Абай облысындағы бірнеше ауданда салынған жолдар сапасыз болып шықты

Биыл республика бойынша жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге 408 миллиард теңге бөлінген. Нәтижесінде 4 мың шақырымнан астам жол қалыпқа келтіріледі. Алайда олардың  81%-ы ғана «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» тексеруінен өткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Еліміз бойынша жөнделіп жатқан 500 ге жуық жолдың сапасын анықтау үшін мердігерлер қадағалаушы мекемемен келісім- шарт жасамаған. Сол себепті республика бойынша Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің тапсырмасымен  мұндай нысандар жаппай тексеріле бастады. Абай облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы мен қоғам белсенділерінен құралған мобильдік топ   жаңадан салынған жергілікті маңызы бар жолдарды тексерген. Нәтижесінде қыруар қаржы жұмсалған нысандардың денінде құрылыс нормалары сақталмаған болып шықты. Әсіресе Үржар, Мақаншы мен Жарма аудандарында салынған жолдар сапасыз болып шыққан. Енді кеткен кемшілікті жоюға он күн уақыт беріледі. Орындалмаған жағдайда  жауапсыз мердігерлер  жауапкершілікке тартылмақ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы мен қоғам белсенділерінен құралған мобильдік топ Абай облысында сапасыз салынған жолдарға тексеру жүргізген болатын. Жасыратыны жоқ, өңірде мерзімінен кешіктіріліп басталған немесе талапқа мүлдем сай келмейтін жолдар бағыттары жетіп артылады. Бір аптадан астам уақытта мамандар жаңадан салынған республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар оннан астам жолды тексерген. Нәтижесінде қыруар қаржы жұмсалған нысандардың 80 пайызында тиісті құрылыс нормалары сақталмағаны белгілі болып отыр. Енді кеткен кемшілікті жоюға он күн уақыт беріледі. Орындалмаған жағдайда сыбайлас жемқорлықпен күрес мамандары жол салу міндетіне салғырт қараған мердігерлерді қатаң жауапкершілікке тарттынын айтады.

«Президенттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына жәрдемдесу» орталығы басшысының орынбасары Ақнұр Қайратованың айтуынша, барлық жолдарға тиісті органдар, қоғам белсенділері, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығымен бірлесіп тексеріс жүргізілуде. Бірақ, өкінішке орай әкімдіктер тарапынан осы жұмыс дұрыс жүргізілмегендіктен, жете мән берілмегендіктен жол салу сапасында келеңсіздіктерге жол беріледі. Нәтижесінде салынбай жатып сапасы сетінеген жолдың азабын халық тартады. 

«Жалпы біз аудандық маңызы бар 35 учаскені тексердік. 20 сынама алынатын болса, соның 14 і біздің ҚР нормативтік құжаттары талаптарына сәйкес келмейтіні мәлім борлып тұр, – дейді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Абай облыстық филиалының бөлім басшысы Мейіржан Бауыржанұлы. 

Сәтжан Қасымжанұлы
Абай облысы

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ол жалған құжаттар жасап, 68 темір тұлпарға мемлекеттік нөмір таққан
Еңбек адамдары жастарға алғыстарын білдірді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →