×

Шымкентте ҚХА-ның «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» жобасы аясында өндіріс озаттары марапатталды

Тынбай еңбек етіп жүрген ұжым

Шымкентте ҚХА-ның «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» жобасы аясында өндіріс озаттары марапатталды

Бүгін Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мәслихат депутаттарымен бірге «Бал текстиль» ЖШС-нің кілем өнеркәсіп ұжымын еңбек күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сонымен қатар ұжымда тынбай еңбек етіп жүрген еңбекқор, іскер техник-электрик Икрамжан Әлімжанұлы Мадазовты, техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау менеджері Ғабит Бимендіұлы Қоблановты, материалдық есепші Наталья Николаевна Советованы Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Алғыс хатымен марапаттады.

Отандық өндірісті елімізде ғана емес, шетелде де дамытуға үлес қосып жүрген қарапайым жұмысшыларды Шымкент қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Т. Нишанкулов,  мәслихат депуттаттары А. Нұрлыбаев,  А. Дубинина, корей этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары А.Вячеславович, татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы Ш. Игнатович құттықтады.

Сондай-ақ Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы – ҚХА хатшылық меңгерушісі А.Әмзеева  еңбек күні мерекесінің маңыздылығы мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еңбек адамдарының мәртебесін көтеру және оларға лайықты құрмет көрсету мақсатында 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялағандығы туралы айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →