Адам папилома вирусы – организмде болатын терінің шырышты қабатын зақымдайтын үлкен қозғалмалы қоздырушы вирус
Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау бойынша тренер – координаторы Замира Өтегенованың сөзінше вирус ылғалды жерлерде көп болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Адам папилома вирусы – организмде болатын терінің шырышты қабатын зақымдайтын үлкен қозғалмалы қоздырушы вирус.
Бассейн, монша секілді жерлерге көп бармауға кеңес береді. Онда иммунитет әлсіз болса, вирусты жұқтыру ықтималдылығы жоғары болады. Жатыр мойны обыры ауруының (ЖМО) дамуына «адам папилломасы» вирусының (АПВ) инфекциясы әсер етеді. Ал вирусты жұқтырудың және оның дамуының алдын алудың жалғыз жолы – екпе салдыру.
Қазақстанда осы дерт бойынша жыл сайын 1 600-ден астам жағдай тіркеліп, 500-ден астам әйел қайтыс болады. 2030 жылға қарай 15 жасқа дейінгі барлық қыздардың 90%-ы екпемен қамтылмақ. Иммундауды алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуге лицензиясы бар заңды тұлғалар жүргізеді. Айта кетерлігі, қыз балаларды вакцинациялау - ата-аналарының келісімімен ғана жүргізіледі. Әлемде «Адам папилломасы» вирусына (АПВ) қарсы екпе 15 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді.
Айта кетсек, Түркістан облысы бойынша 24 мыңға жуық қыз балаға адам папилломасы вирусына қарсы екпе егу жоспарланған. Республикамызда 4 валентті «Гардасил» вакцинасын қолдану көзделіп отыр. Вакцина тегін негізде білім беру ұйымдарының егу кабинеттерінде жүргізіледі. АПВ вирусы адамнан адамға тұрмыстық жанасу, жыныс жолдармен, тікелей жолмен туу кезінде беріледі. Вирусқа қарсы екпе дельта тәрізді иық бұлшықет ішіне енгізіледі. Вакцинацияға қарсы көрсетілімдер болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін 6 ай аралықпен екі рет жүргізіледі.