×

Жетісайда АПВ-ға қарсы вакцинациялау бойынша семинар өтті

Жыл сайын елде бұл аурудың 1900-ға жуық жаңа жағдайы тіркеледі

Жетісайда АПВ-ға қарсы вакцинациялау бойынша семинар өтті

Түркістан облысы Жетісай аудандық орталық ауруханасында АПВ -ға қарсы вакцинациялау туралы семинар өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгінде Қазақстанда жатыр мойны обырының алдын алу үшін қыздарды АПВ -ға қарсы вакцинациялау басталды. Осы ретте аудандық орталық ауруханасының мамандары аудандағы мектептерде ата-аналармен, мұғалімдерге түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Семинарларда ауданның білікті дәрігерлері жатыр мойны обырының алдын алу үшін қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау басталғандығын айтты. 

Бүгінде 11 жастағы қыздар жоспарлы тәртіппен вакцинациялауға жатады. Сондай-ақ 12 жастан бастап 13 жасты қоса алғандағы жастағы қыздарға толықтыра иммундау жүргізіледі. Екпе мектептердің медициналық кабинеттерінде ата-аналардың немесе заңды өкілдерінің хабардар етілген келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Сондай-ақ ата-аналардың қалауы бойынша вакцинация тіркелген жердегі емханаларда да жүргізілуі мүмкін. Жатыр мойны обыры Қазақстандағы барлық жастағы әйелдер арасында таралуы бойынша екінші орындағы және 25 пен 44 жас аралығындағы әйелдер өлімінің себептері бойынша екінші орындағы қатерлі ісік болып табылады. 

Жыл сайын елде бұл аурудың 1900-ға жуық жаңа жағдайы тіркеледі. Ғылыми зерттеулер жатыр мойны обырының негізгі себебі АПВ инфекциясын жұқтыру екенін дәлелдеді. Вакцинация қатерлі ісіктің ең қауіпті түрлерінің бірінен қыз балалардың денсаулығын қорғауға бағытталған. АПВ-ға қарсы вакцина халықаралық деңгейде өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдеді. Бүгінгі таңда АПВ-ға қарсы вакцина әлемнің 135 елінде, соның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстанда қолданылады. Бірқатар елдерде вакцинацияның арқасында әйелдер арасында АПВ-ның таралуы 90%-ға төмендеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →