×

Жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу маңызды – Арыс ауданының дәрігері

Семинар барысында мамандар жыныстық сауаттылықты арттыратын ақпараттарымен бөлісіп, салауатты өмір сүруге шақырды

Жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу маңызды – Арыс ауданының дәрігері
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы Арыс аудандық орталық ауруханасында жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу бойынша семинар өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Арыс аудандық орталық ауруханасындың акушер-гинеколог дәрігері Ардақ Мұратқызының сөзінше жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің негізі- жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы немесе тәрбиенің мүлдем жоқтығынан. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпта әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалып, оны ұят санайды. Семинар барысында мамандар жыныстық сауаттылықты арттыратын ақпараттарымен бөлісіп, салауатты өмір сүруге шақырды.

«Қазіргі уақытта жасөспірімдер арасында  ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбы өзекті мәселелердің қатарында. ДДҰ мәліметтері бойынша, бала өлімінің негізгі себептерінің бірі - жүктілікті үзу және ерте босану. Ерте жүкті болған қыздар білім алу мүмкіндігін жоғалтып, қоғамнан алшақтайды және олардың денсаулықтарына қауіп төнеді.  Медициналық көрсеткіштер бойынша 19 жасқа дейінгі жүктілік ерте деп саналады. Жасөспірімдердің жүктілігі үшін ең көп таралған кезең – 15-17 жас аралығы. Дәрігерлер атап өткендей, тек он сегіз жасқа дейінгі қыздың денесі жеткілікті түрде қалыптасқан және бала көтеруге, тууға толық дайын. Ерте жүктіліктің салдарынан жасөспірімдердің 70 пайызы жасанды түсік жасап, 15 пайызы түсік тастайды. Қыздардың тек 15 пайызы ғана сәбилерін аман-есен жеткізіп, босана алады», – деді маман.

Айта кетсек, Қазақстанда жасөспірімдердің жүктілігі де алаңдарлық мәселеге айналды. Қазіргі уақытта жастардың 70%-ы 15 жасқа дейін алғашқы жыныстық қатынасқа түседі. Статистикаға сәйкес, мың адамға шаққанда кәмелетке толмағандардың саны 7,9 адамды құрайды, ал жасөспірімдер арасында мың қыздың үшеуі түсік жасатады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Дана Нұржігіт екінші күйеуін үш жылға соттатқанын айтты
Бүгін, 13:28

Дана Нұржігіт екінші күйеуін үш жылға соттатқанын айтты

Дана Нұржігіт жарты жыл депрессияда жүргенін айтқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →