×

Конго-қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан сақтаныңыз – дәрігер кеңесі

Осы жылы жалпы көлемі 77 304 845 шаршы метр аумаққа залалсыздандыру жұмыстары жүргізілмек

Конго-қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан сақтаныңыз – дәрігер кеңесі

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – табиғи-ошақтық аса қауіпті жұқпалы ауру. Аурудың негізгі табиғаттағы резервуары мен оның көзі, иксод кенелері, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысы, Сауран ауданына қарасты Бабайқорған ауыл округі ауруханасының жалпы тәжірбиелі дәрігері Камила Cерікбаеваның сөзінше Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – ауыр интоксикациямен, айқын геморрагиялық синдроммен сипатталатын және иксодты кенелердің шағуы арқылы берілетін табиғи-ошақты трансмиссивті ауру. 

«Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтары Жамбыл, Қызылорда, Түкістан облыстарында және Шымкент қаласында орналасқан. Инфекцияның негізгі көзі – иксодты кенелер, олар вирусты трансмиссивті жолмен таратады және вирустың сақтаушылары мен аурудың тасымалдаушылары болып табылады. Адам ауруды зақымдалған кенелер шаққан, малды қырыққанда және оларды кенелерден қолмен тазартқан кезде кенелердің ішіндегісінің дененің ашық бөліктеріне түсуі нәтижесінде, науқастарды күткенде және оларға медициналық көмек көрсеткенде жұқтырады. Ауру дене қызуының күрт 39-40 градусқа дейін көтерілуімен, қатты бас ауруы, буындардың, бұлшық еттердің ауруы, дененің сырқырауымен сипатталады. Науқас дер кезінде дәрігерге қаралмаған жағдайда әлсіреп, жүрегі айнып, құсуы, іш өтуі мүмкін», – деді маман.

Айта кетсек, Түркістан облысындағы есепке енгізілген 111 қолайсыз елді мекендердің аумағында кенеге қарсы дезинфекция және залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Өңірде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы табиғи ошақты қолайсыз аймақтар қатарына жататынын айтты. Осы жылы жалпы көлемі 77 304 845 шаршы метр аумаққа залалсыздандыру жұмыстары жүргізілмек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →