×

Тағы бір аймақтың жастары баспаналы бола алады

Өтініштерді қабылдау 1-15 қазан аралығында жүреді

Тағы бір аймақтың жастары баспаналы бола алады
Фото: ашық дереккөзден

1 қазаннан бастап Алматы облысында 35 жасқа дейінгі жастарға арналған «Алатау жастары» жаңа тұрғын үй бағдарламасы басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бағдарлама шарттарына сәйкес, бағдарламаға қатысушының Алматы облысында кемінде бір жыл ресми жұмыс өтілі болуы керек. Оны міндетті түрде зейнетақы жарналарымен растау қажет. Сондай-ақ соңғы бес жыл ішінде жылжымайтын мүліктері болмауы керек.

Жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтініштерді қабылдау 1-15 қазан аралығында жүреді.

Үміткерлер өтінімді Қонаев қаласы, 1-шағын аудан, №41, «Бәйтерек» бизнес орталығы, сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін тапсыруы қажет.

«Алатау жастары» тұрғын үй бағдарламасының шарттары қандай?

- Несие соммасы 18 миллион теңгеден аспайды.

- Бастапқы жарна - 10%.

- Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі - 6%.

- Несиелендіру мерзімі - 19 жыл.

Кімдер қатыса алады?

- Өтініш беру кезінде 35 жастан аспау.

- ҚР азаматтығы.

- Бағдарламаға қатысушының, және отбасы мүшелерінің соңғы 5 жылда ҚР аумағында жылжымайтын мүліктің болмауы керек. 

- ҚР аумағында сатып алу құқығы мен жалға берілетін тұрғын уйдің болмауы. 

- Алматы облысында таңдалған қызмет саласында ресми жумыс өтілі - 1 жылдан кем емес болуы (зейнетақы жарналарымен расталған).

- Бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

Ұпай қалай есептеледі?

- жұмыс өтілі – 1 жыл еңбек өтілі – 2 балл, келесі жылы жұмыс өтілі 1 балл (5 жылға дейінгі еңбек өтілі есепке алынады);

- отбасы жағдайы – тіркелген неке 5 балл, бойдақ – 1 балл;

- 18 жасқа дейінгі балалардың болуы – бір балаға 2 балл, екі және одан да көп балаға 1 балл;

- мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері – 5 балл;

- жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілерге, пәтер жалдау ақысын өтеу белгіленген бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне – 10 балл;

- ең төменгі 500 мың теңге жинақталған банк салымшылары – 2 балл.

Өтініштер қабылданғаннан кейін арнайы комиссия жинаған ұпайлары бойынша бағдарламаға қатысушыларды таңдайды.

Өтініштерді қабылдау қазан айының 1-15 аралығында өтетіні тағы бір мәрте еске сала кетейік.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →