×

Түркістандық дәрігер балалар арасындағы тамақтан улануды азайту жолдарын айтты

Тамақтан уланбау үшін  жеке бас гигиенасын сақтап, санитарлық ережелерді қатаң ұстау қажет

Түркістандық дәрігер балалар арасындағы тамақтан улануды азайту жолдарын айтты

Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясcауи атындағы ХҚТУ клиника-диагностика орталығының медбикесі Ұлнұр Самин тамақтан улану туралы айтты, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Тамақтан улану – адам ағзасына улы әсер ететін микробтармен, токсиндермен және микробты емес заттармен ластанған тағамды жегеннен пайда болатын жедел ауру.

Ұлнұр Саминнің сөзінше тамақтан улану көбінесе мерзімі өтіп кеткен, бактериялармен ластанған, сондай-ақ химиялық заттармен бүлінген азық-түлікті қолданғанда, сонымен қатар жеке бас гигиенасын сақтамағанда  пайда болады.

«Көбінесе, саяхатқа шыққан кезде, жеке бас гигиена ережелері сақталмаса, балалар  тамақтан уланады. Мұның себебі – баланың ағзасы әлі өсіп, дамып, толық қалыптаспағандықтан токсиндермен тиімді күресуге қабілетсіз. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастырған кезде тамақтанудағы әрбір маңызды сұрақты ескеру керек, елеусіз ұсақ-түйектерден бастап кез келген беттегі лас дақтарға дейін микробтардың орналасқан жері ретінде қарастырылуы керек. Тамақтануды ұйымдастыратын жеке және заңды тұлғалар балаларды қауіпсіз тамақпен қамтамасыз етуге міндетті, атап айтқанда тыйым салынатын тағамдарды қолдануға жол берілмейді, тамақтану ережелерін қатаң сақтаған жөн. Сонымен қатар, шикі және пісірілген азық-түлікті бір-бірімен араластыруға болмайды, өйткені, дұрыс пісірілген тамақ шикі тамақпен қосылу арқылы ластануы мүмкін»,- деді маман.

Айта кетсек, тамақтан уланбау үшін қолды жиі жуу және жеке бас гигиенасын сақтау өте маңызды және барлық санитарлық ережелерді қатаң сақтау қажет, соның ішінде ыдыс-аяқтар мен едендерді зарарсыздандыруды қолдану, қолданылатын мүкәммалды уақтылы ауыстыру маңызды. Сондай-ақ таза суды қолдануға тырысу керек. Таза су ішу үшін де, тамақ дайындау үшін де маңызды. Егер судың сапасы күмән тудырса, оны қайнату керек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →