Биылғы күзгі науқанда армияға 20 мынан астам қазақстандық шақырылды.
Қазақстанда әскерден қашқандарға үш жарым миллион теңге айыппұл салынып, қылмыстық іс қозғалуы мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қорғаныс министрлігі армия қатарына шақырылған барлық азамат әскери комиссариатқа келуге міндетті екенін еске салды.
Ведомство дерегінше, қазір жүргізіліп жатқан күзгі науқанда Отан алдындағы борышын өтеуі тиіс азаматтарға шақыру қағазы хат түрінде және смс-пен жолдануда. Олардың жұмыс пен оқу орындарына да хабарлама берілген. Ал шақыруды жеке өзіне тапсыру мүмкін емес азаматтар әскери комиссариатқа ішкі істер органдарының көмегімен жеткізілетін болады.
Айта кетсек, биылғы күзгі науқанда армияға 20 мынан астам қазақстандық шақырылды.