×

20 жылдан бері сотталған азаматшаны туыстары өлдіге санаған

Егер ол жаңалықтарда көрсетілмесе, біз тағы кездесер ме едік?!..

20 жылдан бері сотталған азаматшаны туыстары өлдіге санаған
halyq-uni.kz

СҚО-да 20 жылдан бері сотталған азаматшаны туыстары өлдіге санаған,  деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

22 қыркүйекте Петропавл әйелдер колониясында ашық есік күні өткен болатын. Іс-шараның басты оқиғасы сотталған Алтынгүл Баязиеваның өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды оңалту орталығында тұрған 8 жастағы қызымен көптен күткен кездесуі болды. 3 жыл ажырасқаннан кейін отбасының бірігуі БАҚ-та жарияланып, көпшіліктің жүрегін елжіретті.

8 қазанда ер адам әйелдер колониясына жүгініп, өзін сотталған Баязиеваның туған ағасы екенін мәлімдеді. Жиенімен байланыс 20 жыл бұрын анасы, яғни ер адамның әпкесі, қайтыс болғаннан кейін үзілді. Осы уақыт ішінде сотталғанның туыстары оның қайда екенін білмей, оны қайтыс болды деп санап келген.

10 қазанда ер адам бас бостандығынан айыру мекемесіне жиенімен қысқа мерзімді кездесу үшін келген. Ол 8 жылдан бері мектеп директоры болып жұмыс атқарып келген. Белгілі болғандай, ер адам сотталғанның туған ағасын да тәрбиелеп өсірген. Енді ол балалар үйінен Алтынгүл Баязиеваның қызын уақытша алып кетуді жоспарлап отыр.

“Жұма күні таныстарым маған ашық есік күнінен жаңалықтар видеосын жіберді. Мен бірден жиенімді, бір туған қанымды таныдым. Сол сәтте қандай эмоцияда болғанымды білмеймін. Көптеген жылдар бойы іздеулерден кейін ол тірі және сау болып шықты. Және оның қызы да бар. Енді мен оны анасы босатылғанға дейін өз қамқорлығыма алуды жоспарлап отырмын. Бұл мәселені біз талқыладық, оған Алтынгүл қарсы емес. Маған көмектескендердің барлығына алғысымды білдіргім келеді. Кім біледі, егер ол жаңалықтарда көрсетілмесе, біз тағы кездесер ме едік”, – дейді сотталушының нағашы ағасы.

  – “Босатылғаннан кейін бізбен бірге тұрасың. Бұл туралы алаңдама, ешкім қарсы емес. Енді біз сені ешқашан жоғалтпаймыз”, – осындай әсерлі нотада ағасы мен жиенінің 20 жылдағы алғашқы әңгімесі аяқталды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →