×

Құлақ ауруларын қалай емдеуге болады? Түркістандық оториноларинголог жауап берді

Құлақ ауруларының себептері мен дамуы әртүрлі болуы мүмкін

Құлақ ауруларын қалай емдеуге болады? Түркістандық оториноларинголог жауап берді
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан қалалық ауруханасының оториноларинголог дәрігері Бекзат Әбдіқахар құлақ ауруларының себептері мен дамуы әр түрлі болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Cтатистикалық мәліметтерге назар салсақ көбіне еңбекке қабілетті адамдар құлақ ауруларымен жиі ауырады екен. Адам жасы келе қан айналымының нашарлауынан, мойын омыртқасының остехондрозы салдарынан, есту жүйесінің невриті аурулары жиі пайда болады.

Түркістан қалалық ауруханасының оториноларинголог дәрігері Бекзат Әбдіқахардың айтуынша, құлақ ауруларының себептері мен дамуы әртүрлі болуы мүмкін. Солардың ішінде жиі және сирек кездесетін құлақ аурулары болады. Құлақ қалқанындағы шеміршек үсті қабатының қабынуы перихондрит ауруы деп аталады. Ол – сыртқы құлақ қалқаншасының ауруы. Перихондрит жұқпалы аурулардың салдарынан да болады. Ол кезде құлағыңыз домбығып, құлақ қалқаны қызарады.

«Құлаққа суық тиюдің әсерінен туындайтын сырқаттар да бар. Ол отогематома деп аталады. Отогематома құлақ қуысында қанның жиналуы, қан тамырларының жарылуы салдарынан орын алады. Ал сыртқы есту жолдары бездерінің аурулары көбінесе адамның құлағынан бөлініп тұратын құлықтың жиналуынан пайда болады. Ішкі құлақтың да өзіндік аурулары болады. Барабан пердесінің қабынуы салдарынан отит ауруы пайда болады. Отит жедел, іріңді, іріңді шырышты болып бөлінеді. Отит кейде барабан пердесінің тесілуі нәтижесінде немесе тесілмеуінен де болу мүмкін. Егер науқас дұрыс емделмесе, барабан пердесінің тесігі бітелмей қалған жағдайда отит созылмалы түрге айналады. Созылмалы отитті емдеудің бірден бір жолы - ол үшін барабан пердесін жамау керек. Оны тек ота жасау арқылы бітей аламыз. Адам жиі суға түседі, шомылады және бассейндерге барады. Оның салдарынан созылмалы іріңді мезотимпанинт пайда болады. Ол барабан пердесінің, яғни ортаңғы құлақтың созылмалы сырқаты болып саналады», – дейді маман.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →