×

Билік жалған ақпарат таратқан депутаттарды жазаламайды, ал журналистерді аямайды – медиа маман

Бүгін Алматыда өткен жиында журналистер осы мәселені талқылады

Билік жалған ақпарат таратқан депутаттарды жазаламайды, ал журналистерді аямайды – медиа маман
Фото: facebook.com/respectmedia

Журналистер жалған ақпарат таратса, бірден жазалайды, ал депутаттарға бұл заң жүрмейді. Мұндай пікірді белгілі журналист Серікжан Мәулетбай айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін Алматыда өткен жиында журналистер осы мәселені талқылады. Ол жиынға Мәдениет және ақпарат министрлігі «Талдау және ақпарат орталығы» РМК директоры Михаил Комиссаров қатысқан. Журналистер министрлікке қарасты орталыққа журналистерді қудалауға қатысты мәселені қозғады.

Мысалы, көктемде ProTenge.kz жобасының негізін қалаушысы Джамилия Маричеваны полиция Бостандық аудандық басқармасына жеткізген болатын. Өйткені 2024 жылдың басында ҚР сыртқы істер министрлігі  Азаттық радиосының 36 журналисіне аккредитация бермей қойған еді. Кейбір журналистерге аккредитация 2022 жылдың аяғынан ұзартылмаған. Азаттық радиосы осы үшін сотқа жүгінген еді.

ProTenge.kz редакциясы болса, Азаттық радиосындағы әріптестеріне қолдау көрсетіп, пост жариялаған болатын. Бұл постты бөліскен блогер Асхат Низяовты да полиция шақыртып, біраз әбігерге салғаны бар. Джамилия Маричева әлі күнге аккредитация алмаған. Журналистер орталық басшысына өздеріне тиімсіз адамдарды жазалайтындарын айтып, қынжылысын білдірді. 

«Депутаттардың дәлелденбеген ақпарат тарататын сәттері жиі кездеседі. Мысалы, Ермұрат Бапи Тимур Құлыбаев «Алтын банкті» сатып алды деп айтқаны. Негізі оған дейін мемлекеттік органдар бұл ақпаратты терістеді. Бірақ қызығы жалған сауалнама үшін ол жазаланған жоқ. Бапи дәл осы сауалды ресми түрде Мәжілістің пленарлық отырысында жолдады. Сондай-ақ Абзал Құспан Алматы экономикалық тергеу департаменті «Алтын орда» базарын басып алғанын айтты. Ертеңінде департамент бұл ақпаратты терістеп үлгерді», - дейді Серікжан Мәулетбай.

Михаил Комиссаровтың айтуынша, егер заң бұзылды деп есептеңіздер құқық қорғау органдарына жүгіңіздер. Кез келген адамның шағым түсіруге мүмкіндігі бар деп айтты.

Осы ретте Асхат Низяов неге «Джамилия екеуімізге ғана мониторинг жүргізесіздер?» деп сұрады.

«Біз тек белгілі бір тұлғаларды ғана емес, мониторингті жалпы жүргіземіз. Заң бұзушылық анықталса, тиісті органдарға жібереміз. Ұнамаған адамды таңдап, жазалауды ұсынбайтынымыз анық. Былтыр заң қабылдаған қыркүйектен бері 400-ден астам заң бұзушылық анықталды. Сіздер тек бір-екі кейсті ғана айтып отырсыздар. Су тасқыны кезінде мұндай фейк ақпараттар көп тарады», - дейді Михаил Комиссаров.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жұбайы мен екі баласы қалды. Тікұшақ апатынан қаза тапқан адамның кім екені анықталды
Бүгін, 18:12

Жұбайы мен екі баласы қалды. Тікұшақ апатынан қаза тапқан адамның кім екені анықталды

. Қайтыс болған офицердің отбасы мен зардап шеккендерге жан-жақты қолдау көрсетілмек
Оқиға орнында тергеу органдары жұмыс істеп жатыр
Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолдарда көру мүмкіндігі төмендейді
Депутат Қасымбаевпен алыс туыс екенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →