×

Алматыда 17 қазанда Mass Alert жедел құлақтандыру жүйесі жаппай сынақтан өткізіледі

Биыл 31 мамырда бірінші кезеңде Android операциялық жүйесі бар құрылғыларға сынақтан өткізу жүйесі жүргізілді

Алматыда 17 қазанда Mass Alert жедел құлақтандыру жүйесі жаппай сынақтан өткізіледі
Фото: Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматылықтар мен қала қонақтары Mass Alert құлақтандыру жүйесі хабарламасын алу үшін iPhone құрылғыларын iOS 18 нұсқасына жаңартуы қажет, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматылықтар мен қала қонақтарына алаңдаудың қажеті жоқ, себебі бұл жай ғана сынақтан өткізу.

Енді бұл құлақтандыру iOS операциялық жүйесін пайдаланушыларға да қолжетімді. Айта кету керек, iPhone құрылғыларының иесіне iOS 18 бағдарламалық жасақтамасы болса ғана ескерту келеді. 

Ол үшін алматылықтар мен қала қонақтары құрылғысын iOS 18 жүйесіне жаңарту қажет. Егер құрылғы автоматты түрде жаңармаса, оны «Баптаулар – Негізгі – Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту» деп өзі жаңарту керек. 

Мобильді құрылғы пайдаланушыларына «Ұлттық құлақтандыру» белгісімен сынақ туралы хабарлама жіберіледі, ал кейбір Android операциялық жүйесі бар құрылғыларға «Президенттік құлақтандыру» белгісімен ескерту түседі.  

Естеріңізге сала кетейік, биыл 31 мамырда бірінші кезеңде Android операциялық жүйесі бар құрылғыларға сынақтан өткізу жүйесі жүргізілді. Бұрын хабарланғандай, екінші кезеңде iOS құрылғыларының пайдаланушылары электрондық құлақтандыру жүйесіне қосылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Көпбірлік ауылында жаңа мәдениет үйі бой көтермек
Бүгін, 11:29

Көпбірлік ауылында жаңа мәдениет үйі бой көтермек

Балқаш көлінің жағалауына апаратын 2,5 шақырымдық жолдың мәселесі де шешілмек
Ауданда кейінгі 5 жылда 71 үйдің кілті пайдалануға берілген
Жетісу облысында жалпы 1990 техника жұмылдырылып, нәтижесінде 10714 тонна қоқыс шығарылды
Мопед айдап зардап шеккен балалар өмір бойы Физиологиялық және психологиялық ауыртпашылықты сезініп өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →