×

Махмұд Сабырхан өзбек боксшысын жеңіп, алғаш рет Азия чемпионы атанды

Бұған дейін Санжар Тәшкенбай күміс жүлдеге ие болған болатын

Махмұд Сабырхан өзбек боксшысын жеңіп, алғаш рет Азия чемпионы атанды
Фото: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Таиландтағы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Махмұд Сабырхан 54 кг салмақ дәрежесіндегі финалда өзбек боксшысы Шахзод Муззафаровпен жұдырықтасты. Үш раундқа созылған тартысты бәсекеде Қазақстан құрамасының боксшысы төрешілер шешімімен (4:1) жеңіске жетті.

Айта кетейік, Махмұд Сабырхан – әлем чемпионы (2023), әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2021), Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2022).

Бұған дейін тағы бір қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай (48 кг) финалда өзбекстандық Шодиержон Меликузиевтен төрешілердің шешімі бойынша (1:4) жеңіліс тауып, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сенсацияға сәл қалды: «Қайрат» «Интерге» есе жіберді
06.11.2025ж. 07:26

Сенсацияға сәл қалды: «Қайрат» «Интерге» есе жіберді

Бұған дейін Интер бірде-бір гол өткізбеген еді
Жыл соңына дейін облыстағы 68 ауылдық округтің 70 пайызы спорт нысандарымен қамтылады
Биылдың өзінде төрт футбол клубы жеке инвесторлардың қарамағына өтеді
Жетісуда спортқа қызығушылық 42 пайызға артты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →