×

Өзбек боксшысы иығын тістеп алған соң Абылайхан Жүсіповке Азия чемпионы атағы берілді

Өзбек боксшысы иығын тістеп алған соң Абылайхан Жүсіповке Азия чемпионы атағы берілді

71 келі салмақ дәрежесіндегі боксшымыз Абылайхан Жүсіпов наразылықтан кейін алтын медальға қол жетізді. Ал оның қарсыласы болған боксшы жарыстардан шеттетілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Қазақстан бокс федерациясы 11 желтоқсан күні Чианг Мэйде (Таиланд) өткен Азия чемпионатының ерлер арасында 71 келі салмақ дәрежесіндегі финал бойынша IBA және ASBC ұйымдарына наразылық хат жолдады. Ресми хабарламада Абылайхан Жүсіпов пен Хавасбек Асадуллаев жекпе жегінде өзбекстандық боксшы тарапынан спорттық ереже өрескел түрде бұзылғаны айтылады. Шаршы алаңдағы төреші Джована Угренович (Сербия) бұл сәтте ешқандай ескерту жасамағаны да сөз етіледі. Ал Қазақстан тарапында ереже бұзылуына дәлел ретінде фото және видео материалдар да бар.

Нәтижесінде IBA және ASBC ұйымдары осы салмақтағы ақтық сынды қайта қарастырып, келесі шешімге келді. 71 келіде Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы деп танылды, ал өзбекстандық боксшы белгілі мерзімге жарыстардан шеттетіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан футбол федерациясының басқарушы директоры тағайындалды
Бүгін, 12:37

Қазақстан футбол федерациясының басқарушы директоры тағайындалды

Директорлыққа «Астана» футбол клубында басшы болған азамат келді
Ел біріншілігіне Азия Чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатыспайды
Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 400 келіні (170+230) еңсерді.
Қазақстан тарихта екінші рет бокстан әлем чемпионатын қабылдайды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →