×

Атыраулық АӘД мұғалімі гір спортынан әлем чемпионы атанды

Нью-Дели қаласында өткен жарысқа әлемнің 13 елінен 234 спортшы қатысқан

Атыраулық АӘД мұғалімі гір спортынан әлем чемпионы атанды
zacon.kz

Атыраулық алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ришат Ғалиахметов гір спортынан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР ОАМ-ге сілтеме жасап. Жарыс Үндістанның Нью-Дели қаласында 27 қазан мен 1 қараша аралығында өтті. Оған 13 елден 234 спортшы қатысты.

Ришат Ғалиахметов Қызылқоға ауданындағы Қаракөл орта мектебінде АӘД пәні мұғалімі болып жұмыс істейді. Мұғалім соңғы 10 жыл бойы гір көтеру спортымен айналысып келеді.

«Әкем дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болған. Мен оның ізін жалғастырып келемін. Мен де әкем сияқты балаларды салауатты өмір салтын ұстануға баулығым келді. Ал ол үшін алдымен өзім белсенді болуым керек. Міне гір көтеру спортымен 10 жылдан бері айналысып келемін. Гір көтеруден әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғап, тағы да жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Қазір бірнеше шәкіртім менің жолымды қуып келеді. Олар Қазақстан чемпионатына қатысып жүр», –  деп айтты Ришат Ғалиахметов.

Бұл ұстаздың екінші жеңісі екенін айта кетейік. Бұған дейін Щучинск қаласында өткен Азия чемпионатына қатысып, алтын медаль жеңіп алған болатын. Ришат Ғалиахметов өзінің дарынды спортшыларын тәрбиелеуді жоспарлап отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шавкат Рахмоновтың төртінші баласы дүниеге келді
23.04.2024ж. 00:03

Шавкат Рахмоновтың төртінші баласы дүниеге келді

Отандасымыз бұл жолы қызды болды
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты
Ол финалда украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, осы маусымда үшінші турнирде жеңіске жетті
Ойынға екі команданың жанкүйерлерімен қатар бейтарап көрермен тарапынан да қызығушылық жоғары болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →