×

Қазақстандықтар футболдан 2022 жылғы Әлем чемпионатын тікелей эфирден көре алады

Көрсету құқығын "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналары иеленген

Қазақстандықтар футболдан 2022 жылғы Әлем чемпионатын тікелей эфирден көре алады
kazaknews.kz

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 2022 жылғы 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Қатарда өтетін футолдан Әлем чемпионатын көрсету құқығын иеленді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі qazsporttv.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық жанкүйерлер чемпионат матчтарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көре алады. Сонымен бірге qazaqstan.tv және qazsporttv.kz сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн трансляция жасалады.

“20 қарашадан бастап «Қазақстан» телерадиокорпорациясының түсірілім тобы Қатар стадиондарынан репортаждар ұсынып, тікелей қосылымдарға шығады. Чемпионат кезінде Корпорацияның әлеуметтік желідегі парақшаларында жанкүйерлер арасында футбол атрибуттары ойнатылады”, – делінген спорт арнасы хабарламасында.

ХХІІ Әлем біріншілігі Қатардың 5 қаласында 8 стадионда өтеді. Трансляциялардан бөлек, бір ай бойы тікелей эфирде арнайы бағдарламалар циклы ұйымдастырылады.

“ХХІІ Әлем біріншілігінің ойындарын Қазақстан аумағында көрсету құқығы тек «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясына тиесілі. Чемпионатты өзге ақпарат көздерінен трансляциялауға, таратуға тыйым салынады. Ел аумағындағы мемлекеттік және жекеменшік ғимараттар мен қоғамдық орындардағы көрсетілімдер де тек «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының эфирі арқылы жүзеге асуы тиіс”, – деп ескерту жасады телерадиокорпарация кешені.

Ойындарды жүргізетін комментаторлар мен матчтар кестесі жақын уақытта жарияланады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шавкат Рахмоновтың төртінші баласы дүниеге келді
23.04.2024ж. 00:03

Шавкат Рахмоновтың төртінші баласы дүниеге келді

Отандасымыз бұл жолы қызды болды
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты
Ол финалда украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, осы маусымда үшінші турнирде жеңіске жетті
Ойынға екі команданың жанкүйерлерімен қатар бейтарап көрермен тарапынан да қызығушылық жоғары болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →