×

Әлем чемпионы Төрехан Сабырхан Жан Клод Вандамның биін қайталады

Бұл фильм 1989 жылы түсірілген

Әлем чемпионы Төрехан Сабырхан Жан Клод Вандамның биін қайталады
Видеодан кадр

Жастар арасында әлем және Азияның төрт дүркін чемпионы, Қазақстан чемпионатының 2024 жылғы үздік боксшысы Төрехан Сабырхан атақты Голивуд актері Жан Клод Вандамның биін қайталады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Боксшы жаңа жылдың алғашқы күндері әлеуметтік желідегі жанкүйерлерінің көңіл күйін көтеру мақсатында осындай видео түсірген. 
Естеріңізде болса, америкалық актер «Кикбоксер» фильміндегі биімен көпшіліктің махаббатына бөленген еді. Бұл фильм 1989 жылы түсірілген. Ол кезде Жан Клод Вандамм 29 жаста болған. Сарапшылар аталған киноны боевик жанрындағы ең үздік фильмдердің бірі деп санайды.

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан биыл жастар арасындағы Азия чемпионаты мен әлем чемпионатында қарсылас шыдатпады. Ал жақында алғаш рет ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатына қатысып, 67 келіде чемпион атанды. Сондай-ақ ел біріншілігінің үздік боксшысы атанды.

Ол – 2023 жылғы әлем чемпионы Махмұд Сабырханның туған інісі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын балуандар белгілі болды
Кеше, 09:26

Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын балуандар белгілі болды

Аламанға 92 елдің спортшылары қатысады. 
IJF өз жауабында спортты «диалог пен түсіністікке арналған платформа, қабырға емес, көпір салатын» құрал ретінде көргісі келетінін мәлімдеді.
Бұл көлік жас спортшылардың жарыстарға қауіпсіз әрі жайлы баруына мүмкіндік береді
Қазақстандық спортшы қашықтықты 30 минут 48.44 секундта жүгіріп өтті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →