×

Қысқы Универсиадаға қатысатын Қазақстан құрамасының спортшылары белгілі болды

Қысқы Универсиада 13-23 қаңтар аралығында Италияның Турин қаласында өтеді

Қысқы Универсиадаға қатысатын Қазақстан құрамасының спортшылары белгілі болды
Сурет: FISU, fisu.net

Туринде өтетін Қысқы Универсиадаға қатысатын Қазақстан құрамасының спортшылары белгілі болды,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті мәлімдеді.
 
Қысқы Универсиада 13-23 қаңтар аралығында Италияның Турин қаласында өтеді. Қысқы Универсиадада еліміздің атынан 103 спортшы бақ сынайды. Қазақстандық спортшылар 10 спорт түрінен сайысқа түседі.

Биатлон:

 Ерлер: Вадим Куралес, Владислав Киреев, Кирилл Бауэр, Ержанат Қуандық, Никита Акимов.
Әйелдер: Арина Крюкова, Айша Ракишева, Милана Генева, Полина Егорова, Алина Скрипкина.

Шорт-трек:

Ерлер: Санжар Жанисов, Әлішер Абулкатимов, Дамир Курманов, Айбек Темірхан, Дінмұхамедалдияр Тәжібай, Валерий Клименко.
Әйелдер: Алина Ажгалиева, Яна Хан, Зейнеп Кумархан, Полина Омельчук, Анастасия Галечина, Малика Ермек.

 Шаңғы жарысы:

Ерлер: Святослав Матасов, Ернұр Бексұлтан, Әмірғали Мұратбеков, Ілияс Исабек, Нартай Тұрлыбекұлы, Сұлтан Базарбеков.
Әйелдер: Анастасия Ротова, Лаура Киныбаева, Мария Геращенко, Елизавета Толмачева, Әсем Жұмағазиева, Алеся Бочкарева.

Мәнерлеп сырғанау:

Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев, Никита Кривошеев, Софья Самоделкина.

Спорттық бағдарлау:  

Ерлер: Давид Сиволапов, Иван Биткин, Александр Фирсов, Никита Иост, Илья Таганашкин.
Әйелдер: Ангелина Кузьмина, Евгения Завьялова, Карина Боранбаева, Анжелика Гарифова, Валерия Чупина.

Фристайл:

Анастасия Городко, Аяулым Амренова, Антон Бондарев, Федор Бугаков, Максим Емельянов, Семен Русаков.

Тау шаңғысы:

 Александра Скороходова, Ксения Бережная.

Хоккей:

Ерлер командасы: 24 спортшы, олардың қатарында Иван Гавриленко, Джелал-Ад-Дина Амирбеков, Абылайхан Сүлейменов.
Әйелдер командасы: 22 спортшы, олардың қатарында Альмира Ибрагимова, Карина Амирова, Регина Салтысова.

Пара шаңғы жарысы:

Денис Зинов, Роман Курбанов.

2025 жылғы Қысқы Универсиадаға 57 елден шамамен 2000 студент-спортшы қатысады. 11 спорт түрі бойынша 96 медаль сарапқа салынады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →