×

Қысқы универсиадада Қазақстан туын ұстап шығатын спортшылар белгілі болды

Мемлекеттік туды алып шығу мәртебесі фристайл шебері мен хоккейшіге сеніп тапсырылып отыр

Қысқы универсиадада Қазақстан туын ұстап шығатын спортшылар белгілі болды
Сурет: gov.kz

XXXII Қысқы универсиадада Қазақстан құрамасының туын ұстап шығатын спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

“Қазақстанның ұлттық құрамасы атынан XXXII Дүниежүзілік қысқы универсиаданың (Турин, Италия) ашылу салтанатында мемлекеттік туды алып шығу мәртебесі фристайлшы Аяулым Әмренова мен хоккейші Абылайхан Сүлейменовке жүктелді”, – делінген министрлік хабарламасында.

Аяулым Әмренова – фристайл бойынша ұлттық құраманың үздік спортшыларының бірі. Оның қоржынында 2017 жылғы Еуропа кубогы кезеңдерінің алтын, күміс және қола медальдары бар. Сондай-ақ ол Қазақстан атынан 2018 жылы Пхёнчханда және 2022 жылы Бейжіңде өткен екі Олимпиада ойындарына қатысқан.
 
Абылайхан Сүлейменов – қазақстандық хоккейдің жарқын жұлдызы, «Номад» командасының ойыншысы. Оның спорттық мансабында жастар лигасы, төрт ұлттық турнир, Қазақстан кубогы, Континенталь кубогы, сондай-ақ, АҚШ-та өткен ХХХІ Дүниежүзілік қысқы универсиада бар. Сол универсиадада Қазақстанның хоккей құрамасы үшінші орынды иеленген.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев жаңа қызметке тағайындалуы мүмкін
07.01.2025ж. 16:53

Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев жаңа қызметке тағайындалуы мүмкін

Тағайындау тек Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда жүзеге асырылады.
Бұл туралы ақпаратты  спорт инсайдері Майкл Бенсон әлеуметтік желіде таратқан
Қысқы Универсиада 13-23 қаңтар аралығында Италияның Турин қаласында өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →