×

«Бәсекелестік жоқ, нәтиже төмен». Олжас Бектенов отандық спортты сынға алды

Спорт түрлері бойынша өңірлер арасындағы бәсекелестік төмен

«Бәсекелестік жоқ, нәтиже төмен». Олжас Бектенов отандық спортты сынға алды
Фото: gov.kz

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандық спортшылардың нәтижесін сынға алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, жыл өткен сайын мемлекет тарапынан спортты қаржыландыру көлемі артып келеді. 

“Дей тұрғанмен, спортшыларымыздың нәтижесі төмендеп кетті. Мұның негізгі себептері оларды жүйелі дайындау жұмыстарының болмауында. Жаттықтырушы құрамның жетіспеушілігі және тиімді дайындық әдістерінің жоқтығы да нәтижелерге теріс әсер етті. Спортшыларды балалар секцияларынан бастап олимпиадалық құрама командаларға дейін тәрбиелеудің нақты жүйесі жоқ. Сонымен қатар спорт түрлері бойынша өңірлер арасындағы бәсекелестік төмен”, –  деді премьер-министр.

Республика бойынша 5 жыл ішінде 215 дене шынықтыру кешені, 17 жүзу бассейні, 57 спорт манежі және 1,5 мыңнан астам спорт алаңы салынды. Жеке инвесторлар есебінен 92 жоба іске асырылған екен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Осыған дейін спортшының Қазақстан азаматтығынан бас тартып, Моңғолия азаматтығына өтініш бергені туралы ақпарат тараған
Отандасымыздың финалдағы жеңісіне 104.52 ұпай жеткілікті болған
Мемлекеттік туды алып шығу мәртебесі фристайл шебері мен хоккейшіге сеніп тапсырылып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →