Жарысқа 20 елден 4-17 жас аралығындағы 100-ден астам бала қатысқан
Дубайда өткен «Оушенмен» жарысында Қонаев қаласының спортшысы, 7 жасар Дмитрий Кремпин күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Алматы облысының спорт басқармасы мәлімдеп отыр.
“Дубайда өткен OCEANMAN жарысында 500 метр қашықтық бойынша Қонаев қаласының 7 жасар спортшысы Дмитрий Кремпин күміс медаль жеңіп алды. Жарысқа 20 елден 4-17 жас аралығындағы 100-ден астам бала қатысқан”, – делінген хабарламада.
Дмитрийдің жаттықтырушысы – Мадияр Кемелжан. Ол осы жетістіктермен шектеліп қалмай, келесі жылы өз шәкірттерін ірі додаларға көбірек қатыстыруды жоспарлап отыр.