×

Легионерлерге бюджеттен қаржы бөлу мәселесі: Жаңа заңдық норма қабылданды

Бюджет қаржысын иемденіп келген 180-нен астам спорт түрінің саны 3 есеге  дейін қысқарады

Легионерлерге бюджеттен қаржы бөлу мәселесі: Жаңа заңдық норма қабылданды
Сурет: Астана ФК

Енді елімізде спорт саласында легионерлерге бюджеттен қаржы бөлінбейтін болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін Мәжілістелегионерлерге қатысты заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.

Жаңа заңға сәйкес легионерлерге мемлекеттен де, квазимемлекеттік сектордың бюджеті есебінен де қаржы бөлуге тыйым салатын норма енгізілген. 

Заң жобасына депутаттар бірнеше маңызды нормаларды енгізді. Мәселен, министрлік бұрын бекітіп жіберген, атының өзін ағайын білмейтін спорт түрлерін қазына қаржысынан қағу үшін нақты шешім қабылданды. Заңға жоғары жетістіктер спорты деген түсінік енді, салаға бөлінген мемлекеттің қаржысы енді соларға бағытталады. Жоғары жетістіктер спортына: олимпиада, параолимпиада, сурдоолимпиада, азия, параАзия және ұлттық спорт түрлері кіреді. Бұрын уәкілетті министрлік 180-нен астам спорт түрін тіркеп қойып оның барлығына қаржы беріп келген болса енді олардың саны 3 есеге қысқарады. Жоғары жетістіктер спортының ішінде жоғары жетістік көрсеткендері үшін басым спорт түрлері деген түсінік енгізіліп, оның басымдықтары да айқын көрсетілді. Бұдан бөлек Қазақстанның ақшасын асауды білгенмен алаңда үлкен жетістік жасауды білмегенлегионерлерге мемлекеттің бюджеті есебінен де, квазимемлекеттік сектордың бюджеті есебінен де қаржы бөлуге тыйым салатын норма қабылданды", – деді Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев.

Жаңа заңға сәйкес спортқа бөлінетін қаржы мына төрт бағыт бойынша қарастырылады:

1. Жоғары жетістіктер спорты мен басым спорт түрлеріне;

2. Мемлекеттік ұйымдардың жұмыс істеуіне;

3. Бұқаралық спортқа;

4. Спорттық инфрақұрылымды дамытуға бөлінбек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Алматыда мәнерлеп сырғанаудан даярлау үшін тиісті жағдайдың жоқтығы туралы айтқан болатын
Михаил Шайдоров – жеке сырғанауда өнер көрсететін мәнерлеп сырғанаушы
Ол финалда белтемірде ешкімге дес бермей, сенімді жеңіске жетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →