×

Бақтияр Артаев "Дикий Арманмен" бірге апарып берген Вэл Баркер кубогын қайтарып алды

Бақтияр Артаев "Дикий Арманмен" бірге апарып берген Вэл Баркер кубогын қайтарып алды
бокс федерациясы

Бокстан Афины Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаевқа Вел Баркер кубогының көшірмесі табысталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Астанада Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп пен бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевтың қатысуымен кездесу өтті. Федерацияның баспасөз қызметі мәліметінше, басқосудың негізгі мақсаты – Бақтияр Артаевқа Вэл Баркер кубогын табыстау.

Вэл Баркер Кубогы – Олимпиада Ойындарындағы үздік боксшыға берілетін қайталанбас жүлде.

2004 жылы Афинадағы бәсекеде чемпион атанған Бақтияр Артаев жарыстың үздік былғары қолғап шебері деп танылды. 

2021 жылы Сербиядағы әлем чемпионатында Артаев кубокты Халықаралық бокс федерациясының өтінішімен музейге табыстап, бұл туралы боксшы бірнеше рет пікір білдірген. “Дикий Арман” жеңілген боксшыларға ақша таратқан әлем чемпионатында Артаев Баркер кубогын Белградқа алып барған болатын.

Кейін қазақ боксшысына кубоктың көшірмесі табысталатыны айтылып, ІВА тарапы өте сапалы болатынын және оның Артаевқа міндетті түрде берілетінін айтқан. 

Қазақстан бокс федерациясы әлемдік спорттағы құнды жәдігер саналатын жүлдені қайтару үшін нақты қадамдар жасады.

Осылайша, бүгін Вэл Баркер кубогы өз иесін тапты.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісу облысында инклюзивті спорт кешенінің құрылысы басталды
Бүгін, 17:24

Жетісу облысында инклюзивті спорт кешенінің құрылысы басталды

Осыған орай бүгін Талдықорған қаласындағы құрылыс алаңына Уақыт капсуласы салынды
Соңғы ойындардағы сәтсіз нәтижелер команда басшылығындағы өзгерістерге себеп болды
Инвестиция құны 1 млрд теңгеге жуықтайды
Жалпы саны 1500-ге жуық қатысушы 4 шақырым қашықтықты бағындырды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →