×

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегінің орны мен қарсыласы белгілі болды

Отандасымыз жекпе-жекте WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғайды

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегінің орны мен қарсыласы белгілі болды
Сурет: Top Rank

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегінің орны мен қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы белгілі инсайдер Майкл Копинджер ақпарат таратты.

Отандасымыз (16-0, 11 КО) 5 сәуір күні Астанада франциялық Анауэль Нгамиссенгемен (13-0, 8 КО) жұдырықтасады.

Qazaq Style «Барыс Аренада» өтетін жекпе-жекте WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғайды.

Жәнібек ESPN нұсқасы бойынша рейтингте бірінші нөмірде тұрған боксшы. Нгамиссенге жетінші орынға орналасқан. Отандасымыз WBO чемпиондық атағын бесінші рет, IBF белбеуін екінші рет қорғайды. 

Анауэль Нгамиссенге Конгода дүниеге келген боксшы. Алғаш рет 12 раундтық жекпе-жекке шығады. Ал Жәнібек биыл күзге дейін үш бірдей чемпиондық атақтың басын біріктіргісі келеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сенсацияға сәл қалды: «Қайрат» «Интерге» есе жіберді
Бүгін, 07:26

Сенсацияға сәл қалды: «Қайрат» «Интерге» есе жіберді

Бұған дейін Интер бірде-бір гол өткізбеген еді
Жыл соңына дейін облыстағы 68 ауылдық округтің 70 пайызы спорт нысандарымен қамтылады
Биылдың өзінде төрт футбол клубы жеке инвесторлардың қарамағына өтеді
Жетісуда спортқа қызығушылық 42 пайызға артты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →