×

Азиада-2025: Аяна Жолдас қола медаль жеңіп алды

Бұл Қазақстан делегациясының Харбин қысқы Азия ойындарында жеңіп алған төртінші жүлдесі

Азиада-2025: Аяна Жолдас қола медаль жеңіп алды
Фото: Тұрар Қазанғапов/ҰОК

Қазақстандық спортшы Аяна Жолдас Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды, сообщает Qaz365.kz.

Ябули тау шаңғы курортында өткен әйелдер арасында фристайл акробатика сынында 76.54 ұпай жинап үшінші орыннан көрінді.

Қытайлық спортшылар алтын және күміс медальды өзара бөлісті.

Алғашқы кезеңде, Аяна Жолдас 65.52 ұпай жинап, келесі кезеңге өткен болатын.

Айта кетейік, бұл - Қазақстан делегациясының Харбин қысқы Азия ойындарында жеңіп алған төртінші жүлдесі.

Осыған дейін қазақстандық спортшылар қысқы Азия ойындарының алғашқы күні 3 күміс еншілеп, медальдар кестесінде төртінші орынға жайғасты.

Сондай-ақ отандастарымыз бүгін қысқы Азиадада жеті спорт түрінен сынға түседі.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Одан өзге күміс медаль да қоржында
Қысқы Азиада ойындары Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатыр
54 жастағы спортшы Астанадағы мектептердің бірінде жұмыс жасайды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →