×

Азат Мақсұмның UFC-дегі жекпе-жегі қашан өтеді

Азат Мақсұм UFC-де алғаш рет 2023 жылдың шілдесінде өнер көрсетті.

Азат Мақсұмның UFC-дегі жекпе-жегі қашан өтеді
Видеодан алынған кадр

UFC-де аса жеңіл салмақтағы жекпе-жек шебері қазақстандық Азат Мақсұмның (17-1) қарсыласы мен жекпе-жегі өтетін күн анықталды, деп хабарлайды qaz365.kz.

Red Corner MMA инсайдерлерінің мәліметінше, Азат 22 маусымда UFC-дің алғаш рет Әзербайжанда өтетін турнирінде айқасқа шығады. Ол UFC-дің бұрынғы үміткері жапониялық Киоджи Хоригучиді алмастырады. Ал жерлесіміздің қарсыласы — ең жеңіл салмақтағы рейтингте 10-орында тұрған ресейлік Тагир Уланбеков (16-2).

Уланбеков — Дағыстаннан шыққан аты аңызға айналған чемпиондар Хабиб Нурмагомедов пен Ислам Махачевтің (27-1) командаласы. Ол соңғы жекпе-жегін 2024 жылғы 18 қаңтарда өткізіп, Клэйтон Карпентерді (8-1) төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Азат Мақсұм UFC-де алғаш рет 2023 жылдың шілдесінде өнер көрсетіп, америкалық Тайсон Намды (21-14) жеңген болатын. Алайда содан бері ол небәрі бір ғана жекпе-жек өткізді. Соңғы рет ол октагонға америкалық Чарльз Джонсонмен (17-7) шығып, төрешілердің ортақ шешімімен жеңіліс тапты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Асхат Тағыберген 20 млн теңге айлық үшін қуып жіберген командасына жеңіс гол соқты
17.08.2025ж. 22:47

Асхат Тағыберген 20 млн теңге айлық үшін қуып жіберген командасына жеңіс гол соқты

Тағыберген бірден команда ауыстырып, «Тобыл» жейдесін киген.
Тоғызқұмалақ шеберлерінің қарсыласы күрделі алгоритмдермен жұмыс істейтін интеллектуалды компьютерлік бағдарлама

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →