×

Бибісара Асаубаева гроссмейстер атанды

Жарыс БАӘ-де өтті. 

Бибісара Асаубаева гроссмейстер атанды
GOV.KZ

Қазақстандық талантты шахматшы Бибісара Асаубаева халықаралық деңгейдегі ірі додада керемет нәтиже көрсетті. Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен Sharjah Masters 2025 супертурнирінде ол гроссмейстер атағына қажетті үшінші норманы сәтті орындап, FIDE рейтингінде 2500 баллдан жоғары көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл жетістік оны ерлер арасындағы гроссмейстер атағына бір қадам жақындатты. Енді FIDE кеңесінің алдағы ресми бекітуі ғана қалды. Егер шешім оң болса, Бибісара Қазақстан тарихындағы екінші әйел гроссмейстер атанады. Айта кетейік, бұл мәртебеге бұған дейін тек Жансая Әбдімәлік ие болған еді.

64 мықты гроссмейстер бас қосқан бұл турнирде Бибісара үздік 30 шахматшының қатарына енді. Сонымен қатар, әйелдер арасында ең жоғары нәтиже көрсетіп, Чжу Цзиньэр мен Дивья Дешмух сынды мықты қарсыластарынан озып шықты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Украина айтулы спорттық шараға бойкот жариялады
Кеше, 01:54

Украина айтулы спорттық шараға бойкот жариялады

IJF өз жауабында спортты «диалог пен түсіністікке арналған платформа, қабырға емес, көпір салатын» құрал ретінде көргісі келетінін мәлімдеді.
Бұл көлік жас спортшылардың жарыстарға қауіпсіз әрі жайлы баруына мүмкіндік береді
Қазақстандық спортшы қашықтықты 30 минут 48.44 секундта жүгіріп өтті.
Бүгінде Шавкат – ең табысты қазақстандық аралас жекпе-жек шебері.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →