×

Алғашқы алтын: Қазақстандық спортшы Азия чемпионатында үздік шықты

Қазақстандық спортшы қашықтықты 30 минут 48.44 секундта жүгіріп өтті.

Алғашқы алтын: Қазақстандық спортшы Азия чемпионатында үздік шықты
ҚР ҰОК

Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына Дейзи Джепкемей көтерілді.

Ол 10 000 метрге жүгіруден өткен финалдық сайыста жеңіске жетті.

Қазақстандық спортшы қашықтықты 30 минут 48.44 секундта жүгіріп өтті.

Екінші орынды жапониялық Ририка Хиронака (30:56.32), үшінші орынды тағы бір жапон спортшысы Микуни Яда (31:12.21) иеленді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте қола медаль жеңіп алған болатын.

Кения тумасы Дейзи Джепкемейдің Қазақстан құрамасының атынан өнер көрсетіп жүргеніне жеті жыл болды. 2012  жылы ол 3 мың метрге кедергілермен жүгіруде әлемдегі ең үздік жасөспірімдердің бірі болған.

Ал құрамамыздың сапында ол Париждегі Олимпиада ойындарына қатысып, 17-орын алды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Украина айтулы спорттық шараға бойкот жариялады
Бүгін, 01:54

Украина айтулы спорттық шараға бойкот жариялады

IJF өз жауабында спортты «диалог пен түсіністікке арналған платформа, қабырға емес, көпір салатын» құрал ретінде көргісі келетінін мәлімдеді.
Бұл көлік жас спортшылардың жарыстарға қауіпсіз әрі жайлы баруына мүмкіндік береді
Бүгінде Шавкат – ең табысты қазақстандық аралас жекпе-жек шебері.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →