×

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары «Тараз» клубымен кездесті

«Тараз» клубы – Жамбыл жұртының сенімі мен мақтанышы.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары «Тараз» клубымен кездесті

Отандық футболда бай тарихы бар, қазіргі кезде Бірінші лигада доп теуіп жүрген «Тараз» клубының ойыншылары және жаттықтырушылар құрамы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемовпен кездесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Футбол – бұл жай ғана ойын емес, бұл – тәртіп, төзім, командалық рух және жеңіске деген жігер. «Тараз» клубы – Жамбыл жұртының сенімі мен мақтанышы. Команданың жетістіктері – облысымыздың спорттық беделінің көрінісі. Бүгінде облыс әкімдігі кәсіби спортты дамытуға, клубтарға қолдау көрсетуге ерекше мән беріп отыр. Елдің сұранысы – намысты қолдан бермей, әр матчта бар күштерін салу, жеңістерімен әулиеаталықтарды шынайы қуанту. Клубтың бүгінгі таңда жаңа басшы құрамдарымен атқарылып жатқан жұмыстар өз нәтижесін береді деген сенімдемін. Әкімдік команданың әрбір қадамына мән беріп, қолдау танытуда. Команда басшылығына алдағы уақытта жоғарғы лигада ойын көрсету керектігі туралы тапсырмалар да қойылды. Намысты, рухты тараздықтар ол тапсырманы міндетті түрде орындайды деген ниеттемін. – деді Серік Сәлемов.

Айта кетейік, «Тараз» клубы Бірінші лигада 12-орында келе жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әлем чемпионы Сабыржан Аққалықов туған жерінде жаттығатын жер таппай жүр
15.07.2025ж. 17:05

Әлем чемпионы Сабыржан Аққалықов туған жерінде жаттығатын жер таппай жүр

Қазір Сабыржан Қарағандыдағы Нұркен Әбдіров атындағы спорт сарайында жаттығып жүр.
Қазақстандықтар Халықаралық дзюдо федерациясында жетекші қызметтерге тағайындалды
Комиссия ынтымақтастықты нығайтуға, инновацияларды дамытуға және дзюдоны әлеуметтік даму үшін жаһандық құрал ретінде ілгерілетуге ықпал ететін болады.
Спортшы өз жолында қолдау білдірген жандарға ерекше алғыс айтты.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →