×

Рахмонов Головкиннің не үшін көпшілікпен кездесе бермейтіні жайлы айтып берді

Рахмонов спортшы ретінде Головкинді түсінетінін айтты

Рахмонов Головкиннің не үшін көпшілікпен кездесе бермейтіні жайлы айтып берді
Коллаж: Qaz365.kz

Журналистер Алматыға келген UFC-де өнер көрсететін Шавкат Рахмоновтан Геннадий Головкиннің неге жанкүйерлерімен кездесе бермейтіні жайлы айтып беруін сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Рахмонов спортшы ретінде Головкинді түсінетінін айтты.

“Мен Геннадий Головкинге қаншалықты ауыр екенін түсінемін. Сен үнемі жаттығып жүрсең, шаршайсың. Менің өзімнің де бір жаққа баруға, біреулермен сөйлесуге, суретке түсуге зауқым соқпайды. Одан шаршайсың, психологиялық тұрғыдан демалу керек. Энергияңды артық нәрсеге құртқың келмейді. Жанкүйерлерді де түсінуге болады. Олардың көріскісі келеді. Бірақ бәріне жауап беру мүмкін бола бермейтінін олар да түсінуі қажет”, – деп жауап берді спортшы.  

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Ол Қазақстан құрамасын 2022 жылдан бері жаттықтырған еді
Жыл сайын 9 қыркүйек «тоғызқұмалақ күні» ретінде белгіленіп, аталып өтілмекші

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →