×

Ұлытауда жаңа футбол алаңы пайдалануға берілді

Ұлытауда жаңа футбол алаңы пайдалануға берілді
ffp.dp.ua

Ұлытау ауданының орталығында шағын футбол алаңының құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Спорт алаңы жасанды көгалмен (газон) көмкерілген, аумағы 800 шаршы метрді құрайды. Нысан арнайы қоршаумен қоршалып, абаттандырылған.

Шарадан соң ауыл жасөспірімдерінен құралған командалардың қатысуымен кіші футболдан жолдастық кездесу өткізілді.

Сондай-ақ аудандағы Борсеңгір ауылында да тамыз айында шағын футбол алаңы пайдалануға берілмекші. Қазіргі уақытта алаңның орны тегістеліп, төсем жұмыстары дайындалуда.

Айта кетейік, Қоскөл ауылында да жабық футбол алаңының құрылысы басталды. Қазіргі уақытта, алаңның іргетасы құйылып, құм төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алтыншы алтын: Наталья Богданова бокстан Ұлыбританиядағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды
Бүгін, 00:26

Алтыншы алтын: Наталья Богданова бокстан Ұлыбританиядағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

70 келіге дейінгі салмақта Наталья Богданова қарсылас шақ келтірмеді
Төрехан ақтық жекпе-жегінде жапониялық Сэвон Окадзавамен қолғап түйістірді
Боксшымыз өзбекстандық Навбахор Хамидованы жеңді
Отандасымыз ақтық сында түркиялық Бусе Наз Чакыроглумен кездесті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →