×

Сәтбаев қаласының әкімі спортшыларды марапаттады

Барлық спортшыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Сәтбаев қаласының әкімі спортшыларды марапаттады
Сәтбаев қаласының әкімдігі

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев өңірлік, республикалық және әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстарда жеңіске жеткен жергілікті спортшылармен кездесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кездесу барысында қала басшысы Сәтбаев қаласының абыройын асқақтатып жүрген спортшыларға алғысын білдіріп, олардың еңбегін, ерік-жігері мен үлгілі нәтижелерін жоғары бағалады.

Барлық спортшыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Кездесу барысында спортшылар және олардың жаттықтырушыларымен ашық форматта пікір алмасу өтті. Атап айтқанда, келесі мәселелер қозғалды:

• спортшыларды қала және республикалық деңгейде ынталандыру тетіктері;

• жарыстарға қатысу үшін қаржыландыру мәселелері;

• кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақысын сақтай отырып жарыстарға қатысу мүмкіндігі.

Сонымен қатар, жаңа спорт кешенінің құрылыс перспективалары талқыланды. Бұл нысан болашақта спортшыларды даярлауға және бұқаралық спортты дамытуға серпін бермек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сәтсіз ойыннан кейін Арман Оспанов «Ақтөбе» ФК-дағы төраға қызметінен босатылды
22.04.2026ж. 16:12

Сәтсіз ойыннан кейін Арман Оспанов «Ақтөбе» ФК-дағы төраға қызметінен босатылды

Соңғы ойындардағы сәтсіз нәтижелер команда басшылығындағы өзгерістерге себеп болды
Инвестиция құны 1 млрд теңгеге жуықтайды
Жалпы саны 1500-ге жуық қатысушы 4 шақырым қашықтықты бағындырды
Отандастарымыз турнир барысында барлығы 8 медаль еншіледі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →