Барлық спортшыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев өңірлік, республикалық және әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстарда жеңіске жеткен жергілікті спортшылармен кездесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Кездесу барысында қала басшысы Сәтбаев қаласының абыройын асқақтатып жүрген спортшыларға алғысын білдіріп, олардың еңбегін, ерік-жігері мен үлгілі нәтижелерін жоғары бағалады.
Барлық спортшыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Кездесу барысында спортшылар және олардың жаттықтырушыларымен ашық форматта пікір алмасу өтті. Атап айтқанда, келесі мәселелер қозғалды:
• спортшыларды қала және республикалық деңгейде ынталандыру тетіктері;
• жарыстарға қатысу үшін қаржыландыру мәселелері;
• кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақысын сақтай отырып жарыстарға қатысу мүмкіндігі.
Сонымен қатар, жаңа спорт кешенінің құрылыс перспективалары талқыланды. Бұл нысан болашақта спортшыларды даярлауға және бұқаралық спортты дамытуға серпін бермек.