×

Қырғыздар көкпарды Көшпенділер ойындарының бағдарламасынан алып тастады

Жаңа формат Қырғыз Республикасының Көкбөрі федерациясымен талқыланған.

Қырғыздар көкпарды Көшпенділер ойындарының бағдарламасынан алып тастады
Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дирекциясы

Қазақтың көкпары Көшпенділер ойындарының бағдарламасына енген жоқ. Бұл туралы Қырғызстанның Дене шынықтыру және спорт мемлекеттік агенттігінің директоры Айбек Әбдімомынов айтты, деп хаюарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, алдағы додада тек көкбөрі турнирі өтеді. Бұл жарыс клубтық жүйе форматында ұйымдастырылмақ.

«Біз көкбөрі федерациясымен бірнеше рет бас қосып, жарыстың ережелерін жан-жақты талқыладық. Әсіресе спортшылардың қауіпсіздігі мен қорғаныс құралдарының сапасына баса мән бердік. Қазір жаңа ереже толық дайын, жақын күндері ресми түрде таныстырамыз», – деді агенттік басшысы.

Оның айтуынша, жаңа формат Қырғыз Республикасының Көкбөрі федерациясымен талқыланған.

Бұл спорттың саясилану деңгейін төмендетіп, қатысушылардың ұжымдық жұмысын күшейтеді, деп есептейді ведомство басшысы.

Еске салайық, былтыр Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасында көкпар мен көкбөрі жарысы қатар өткен. Көкпар сайысында Қазақстан құрамасы топ жарып, бас жүлдені еншілеген. Алайда жарыс біте сала, екінші орынды қанағат тұтқан Қырғызстан спортшылары марапаттау рәсімін күтпестен, мінберден кетіп қалған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Форма жоқ». Дәулет Тұрлыханов басқаратын федерацияның балуандары Азия чемпионатына 500 мың кредит алып барған
21.07.2025ж. 12:07

«Форма жоқ». Дәулет Тұрлыханов басқаратын федерацияның балуандары Азия чемпионатына 500 мың кредит алып барған

20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Азия чемпионаты Қырғызстан астанасы Бішкекте өтті.
Ол өз сөзінде спорт нысандарында қарапайым жуынатын бөлмелерді жөндеуге немқұрайлы қараған басшылардың да жұмысын сынға алды.
«Тараз» клубы – Жамбыл жұртының сенімі мен мақтанышы.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →