Турнирге дейін Рыбакина рейтингінің 10-орнында болған еді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллс (АҚШ) турнирінде жеңіске жеткеннен кейін WTA рейтингінде 7-орынға көтерілді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Турнирге дейін Рыбакина рейтингінің 10-орнында болған еді. Жеңісінен кейін үш позицияға жоғары көтерілді.
7-орын – 23 жастағы қазақстандық теннисшінің кәсіби мансабындағы ең үздік нәтиже. Оның еншісінде 3720 ұпай бар.
WTA рейтингінің көшбасшысы – польшалық теннисші Ига Швёнтек (9975 ұпай). Одан кейінгі позицияда Арина Соболенко (6740 ұпай), Джессика Пегула (5605 ұпай), Каролин Гарсия (4990 ұпай), Онс Жабер (4976 ұпай) және Кори Гауфф (4401 ұпай) тұр.
Айта кетейік, бұл титул – Е.Рыбакинаның 2023 жылдағы алғашқы жүлдесі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Беларуь өкілі Арина Соболенконы жеңген Рыбакина WTA-1000 Индиан-Уэллс турнирінің жеңімпазы болды.