Кәсіпкер келіншек жақында өтетін «Қайрат» - «Реал Мадрид» матчында жерлестеріне қолдау білдіріп, торт пісіріп, жеке парақшасына жүктегені сол еді бұл әрекеті ақтөбелік жанкүйерлердің ашуын туғызды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Ақтөбеден шыққан кәсіпкердің мұндай әрекеті орынсыз әрі лайықсыз деп санаймыз. Біз өз ұстанымымызды өткінші хайпқа айырбастамаймыз! Торттарын Алматыға жіберіп сатсын. Байкот жариялаймыз»,- деп жазды жанкүйерлер.
Даудан кейін кәсіпкер әйел жеке парақшасындағы жазбаны өшіріп,
«Бұл видеоны түсіргендегі жалғыз ниетім Қазақстан атынан шығып жатқан командамызға қолдау көрсету еді. Ол жерде өз туған қалам Ақтөбеге деген құрметсіздік болған жоқ, болмайды да! Мен әрқашан өз қаламды құрметтеймін. тек еліміздің атын әлемге танытып жатқан «Қайрат» клубына сәттілік тілеу болатын»,- деп үндеу жариялады.
Айта кетейік, алматылық «Қайрат», карольдік клубпен 30 қыркүйек матч өткізеді.