×

Бекзат Саттархановтың анасына Астанадан пәтер кілті табысталды

Бекзат Саттархановтың анасына Астанадан пәтер кілті табысталды
скрин видео

Бүгін қазақ боксының тарихында өшпес із қалдырған - Бекзат Саттарханов туралы жазылған кітаптың тұсауы салтанатты түрде кесілді. Салтанатты шарада Олимпиада чемпионының анасына пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жылқышы жылқы бақса жылқы, қой бақса қой сыйлайды. Біз енді үй саламыз. Сондықтан апама үй бергім келіп тұр», - деді Beles құрылыс компаниясының басшысы Махат Төреәлі.

Айта кетейік, Астанада бүгін танымал жазушы Бейбіт Сарыбайдың Олимпиада чемпионы туралы «Бекзат» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Түркістан қаласының тумасы Бекзат Саттарханов 2000 жылы Сиднейде бокстан 57 келіде чемпион атанды. Ол қазақ спортшылары арасында Қазақстан тарихында тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған спортшы ретінде тарихқа енді. Алайда Саттарханов Олимпиададан кейін тура үш ай өткенде жол апатынан қаза тапты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісуда жергілікті воллейбол клубы 25-жылдығын дүркіретіп атап өтті
04.05.2026ж. 19:54

Жетісуда жергілікті воллейбол клубы 25-жылдығын дүркіретіп атап өтті

Клуб мүшелерін облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтап, марапаттар тапсырды
Осыған орай бүгін Талдықорған қаласындағы құрылыс алаңына Уақыт капсуласы салынды
Соңғы ойындардағы сәтсіз нәтижелер команда басшылығындағы өзгерістерге себеп болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →