×

Тарихи медаль! Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының алғашқы алтынын алды

26 жылдан кейін Қазақстан қоржынына түскен алғашқы алтын медаль

Тарихи медаль! Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының алғашқы алтынын алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Қазақстан араға 26 жыл салып, грек-рим күресінен әлем чемпионатының бас жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті. Отандасымыз Айдос Сұлтанғали 60 кг дейінгі салмақтың финалында Әлішер Ганиевтен (Өзбекстан) басым түсті.

Айдос Қазақстанға 26 жылдан кейін ересектер арасындағы әлем чемпионатының алтынын сайлады. Осыған дейін грек-рим күресінен Афиныда 1999 жылы отандасымыз Мхитар Манукян (63 кг) топ жарған. Осы аралықта Алмат Кебіспаев, Мейрамбек Айнағұлов, Демеу Жадыраев, Қорлан Жақанша, Ержет Жарлықасын сынды бозкілем шеберлері бас жүлдеге бір табан жақын болды. Жалпы алғанда, Сұлтанғали – егемендік алғаннан бері күрестің осы түрінен ересектер арасындағы әлем чемпионатының финалында күрескен оныншы қазақ палуаны. 

Грек-рим күресі елімізде бұқаралық сипат алған танымал спорт түрінің қатарына кіреді. Бүгінде бұл жетістіктің бәрі мемлекет тарапынан күреске басымдық беріліп, барлық жағдай жасалып жатқанның арқасында.

29 жастағы қызылордалық спортшы осыған дейін 60 кг дейінгі салмақта әлем чемпионатында 2 рет қола медаль иеленген.

Сұлтанғали кеше Хорватиядағы бәсекенің іріктеуінде Максвелл Хоппер Блэкті (АҚШ), Мелкаму Фетенені (Израиль), ширек финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының қола жүлдегері Сеун Лиді (Солтүстік Корея) жықты. Жартылай финалда Амиран Чавадзеден (Грузия) мықты екенін дәлелдеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада Наурыз мейрамы аясында жасанды интеллект арқылы ұлттық ойындар өтуде
21.03.2026ж. 16:58

Астанада Наурыз мейрамы аясында жасанды интеллект арқылы ұлттық ойындар өтуде

Жасанды интеллект қолдану арқылы дәстүрлі садақ ату, тоғызқұмалақ ойыны, қошқар көтеру сынды ұлттық ойындар өтуде.
Облысқа қарасты 7 ауданда да ұлттық спорт түрлерінен 161 бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылды
Қатысушылар жоғары деңгейдегі шеберлік, стратегиялық ойлау қабілетін көрсетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →