×

«Қайраттың әр футболшысына – бір көліктен»: Кәсіпкер Турсен Алагөзов тосын мәлімдеме жасады

«Қайрат» клубы «Реал Мадридпен» 2025 жылдың 30 қыркүйегінде өз алаңында кездеседі

«Қайраттың әр футболшысына – бір көліктен»: Кәсіпкер Турсен Алагөзов тосын мәлімдеме жасады
Фото: galanz.kz

Белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзов алдағы үлкен матч алдында күтпеген уәде берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол «Қайрат» футбол клубы «Реал Мадридті» жеңген жағдайда барлық ойыншыларға автокөлік сыйға тартатынын айтты.

Бұл туралы кәсіпкер жұбайы, продюсер Баян Алагөзова өзінің Instagram парақшасында жарияланған видеосында айтты.

«10 күннен кейін сүйікті «Қайратымыз» «Реалға» қарсы алаңға шығады. Республика патриоты ретінде туған күнім қарсаңында «Қайрат» жеңсе, бүкіл ойыншыға автокөлік сыйлаймын. Алматы – әлемнің астанасы, «Қайрат» – чемпион!» – деді Тұрсын Алагөзов бейнежазбада.

Айта кетейік, Алматының «Қайрат» клубы аты аңызға айналған «Реал Мадридпен» 2025 жылдың 30 қыркүйегінде өз алаңында кездеседі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісуда жергілікті воллейбол клубы 25-жылдығын дүркіретіп атап өтті
04.05.2026ж. 19:54

Жетісуда жергілікті воллейбол клубы 25-жылдығын дүркіретіп атап өтті

Клуб мүшелерін облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтап, марапаттар тапсырды
Осыған орай бүгін Талдықорған қаласындағы құрылыс алаңына Уақыт капсуласы салынды
Соңғы ойындардағы сәтсіз нәтижелер команда басшылығындағы өзгерістерге себеп болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →