×

19 жастағы футболшы Диас Төлеу матч кезінде қайтыс болды

19 жастағы футболшы Диас Төлеу матч кезінде қайтыс болды
Фото: ҚФФ

19 жастағы футболшы Диас Төлеу матч кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қайғылы жағдай Бірінші лигадағы «Хан-Тәңірі» мен «Екібастұз» командаларының ойыны кезінде болды. 19 жастағы шабуылшы Диас Төлеу алаң үстінде кенет есінен танып, дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, өмірден өтті.

«Қазақстан футбол федерациясы «Хан тәңірі» клубының шабуылшысы Диас Төлеудің мезгілсіз дүниеден өткенін қайғырып қабыл алды. Жастығына қарамастан, футболға деген ынтасы мен таланты арқылы көзге түскен Диастың өмірден ерте кетуі – орны толмас қаза. Бұл ауыр сәтте оның отбасының, жақындарының және командасының қайғысына ортақтасамыз. ҚФФ Диастың ата-анасына, туыстарына және барша жақындарына шын жүректен қайғырып көңіл айтады», - деп жазылған хабарламада.

 Айта кетейік, Диас Төлеу алматылық «Қайрат» клубының түлегі. Биылғы маусымда ол «Хан-Тәңірі» сапында 25 матч өткізіп, 3 гол соғып және 4 нәтижелі пас берген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →