×

Air Astana "Қайрат" футбол клубының серіктесі атанды

Air Astana "Қайрат" футбол клубының серіктесі атанды
"Қайрат" футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы мен Air Astana әуе компаниясы демеушілік серіктестік орнатып, ресми келісімге қол қойды. Жаңа келісімге сәйкес, Air Astana енді клубтың ресми әуе тасымалдаушысы болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Серіктестік аясында команда халықаралық матчтар мен оқу-жаттығу жиындарына ұшу сапарларын аталған компания арқылы жүзеге асырады. Сондай-ақ ішкі бағыттардағы жолаушылар және жүк тасымалы қамтамасыз етіледі. Қажет болған жағдайда клуб үшін чартерлік рейстер де ұйымдастырылады.

Клуб өкілдерінің айтуынша, бұл ынтымақтастық қазақстандық спорт пен футболдың дамуына оң әсер етіп, оның халықаралық деңгейде ілгерілеуіне үлес қосады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сәтсіз ойыннан кейін Арман Оспанов «Ақтөбе» ФК-дағы төраға қызметінен босатылды
22.04.2026ж. 16:12

Сәтсіз ойыннан кейін Арман Оспанов «Ақтөбе» ФК-дағы төраға қызметінен босатылды

Соңғы ойындардағы сәтсіз нәтижелер команда басшылығындағы өзгерістерге себеп болды
Инвестиция құны 1 млрд теңгеге жуықтайды
Жалпы саны 1500-ге жуық қатысушы 4 шақырым қашықтықты бағындырды
Отандастарымыз турнир барысында барлығы 8 медаль еншіледі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →