×

Қазақстан құрамасы Данияны 3:2 есебімен жеңді - видео

Енді Қазақстан алдағы ойынын 16 маусымда сырт алаңда Сан-Мариноға қарсы өткізеді

Қазақстан құрамасы Данияны 3:2 есебімен жеңді - видео

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы өз алаңында Дания құрамасын 3:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Құрлықтық додада H тобында сынға түскен Қазақстан құрамасы өз алаңында Дания құрамасын қабылдады. 

1-таймда даниялық Расмус Хёйлунн 21, 36-минутта қос гол соғып, басымдықты арттырды.

Екінші кезеңде қазақстандық құраманың белсенділігі артты. Ойынның 73-минутында даниялық футболшылар өзінің айып алаңында ереже бұзып, қақпаға белгіленген пенальтиден Бактиёр Зайнутдинов мүлт кеткен жоқ.

86-минутта Асхат Тағыбергеннің алыстан шірене тепкен добы қақпа торында тулап жатты. Қазірге дейін 43 ойын өткізген ол алғашқы голын соқты. Сондай-ақ, 89-минутта әуелеп келген допты Абат Айымбетов баспен қақпаға енгізді.

Осылайша, Қазақстан қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті. Екі команда бұған дейін төрт мәрте кездескен-ді. Оның барлығында даниялық футболшылар жеңіске жеткен болатын. Бұл жолы қазақстандық құрама сол кеткен есені қайтарды.

Енді Қазақстан алдағы ойынын 16 маусымда сырт алаңда Сан-Мариноға қарсы өткізеді.

Бүгін Н тобында, сондай-ақ Словения - Сан-Марино, Солтүстік Ирландия - Финляндия құрамалары кездеседі.

Дереккөз: Қазақпарат

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Ол Шымкент қаласының спорт басқармасының басшысы Марат Мықтыбековпен бірнеше рет кездесіп, мәселені көтергенін жеткізді.
Сондай-ақ ол қоғамдағы теріс көзқарастарға да тоқталып өтті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →