×

«Қайрат» Чемпиондар лигасында алғашқы ұпайын еншіледі

Алматылық команда Пафоспен тең түсті

«Қайрат» Чемпиондар лигасында алғашқы ұпайын еншіледі
Zakon.kz

Алматыда өткен УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі үшінші турда «Қайрат» пен кипрлік «Пафос» командалары 0:0 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кездесу 21 қазан күні Орталық стадионда өтті. Ойынның төртінші минутында қонақтар сапындағы Араухо Коррея қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Дегенмен, алматылықтар бір ойыншысы артық ойнаса да, есеп аша алмады.

Екінші таймда «Қайрат» шабуылды үдетіп, бірнеше сәтті мүмкіндік жасады. 72-минутта Драгомирдің соққысы қақпа маңдайшасынан серпіліп, доп Темірлан Анарбековке тиіп қақпаға енді. Алайда VAR тексерісінен кейін бұл эпизод офсайд деп танылып, гол есепке алынған жоқ.

Нәтижесінде матч 0:0 есебімен аяқталып, екі команда да бір ұпайдан алды. Бұл ұпай – «Қайраттың» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы нәтижелі көрсеткіші. Бұған дейін алматылықтар сырт алаңда «Спортингтен» 1:4, ал өз алаңында «Реалдан» 0:5 есебімен жеңілген еді.

Келесі кездесуінде «Қайрат» 6 қараша күні сырт алаңда «Интерге» қарсы ойнайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →