×

Елдос Сметов сыйға алған қымбат көлігін сатып жатыр

Әңгіме Mercedes-Benz AMG GLE маркалы автокөлік туралы болып отыр.

Елдос Сметов сыйға алған қымбат көлігін сатып жатыр
Әлеуметтік желі

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада ойындарында жеңіске жеткеннен кейін сыйға берілген көлігін сату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әңгіме Mercedes-Benz AMG GLE маркалы автокөлік туралы болып отыр. Олимпиада чемпионы көлікті 45 миллион теңгеге бағалап, хабарландыруда «шұғыл» деген белгіні көрсеткен. Сонымен қатар ол дәстүрлі қазақы тілек ретінде «Жұғысты болсын!» деп жазып қойған.

Айта кетсек, Елдос Сметов – Қазақстан тарихындағы алғашқы Олимпиада чемпионы атанған дзюдошы. Ол үш Олимпиадада медаль еншіледі: Париж-2024 – алтын, Рио-де-Жанейро-2016 – күміс, Токио-2020 – қола. Сондай-ақ спортшы Азия ойындарының (2014), әлем чемпионатының (2015) және Азия чемпионатының (2016) жеңімпазы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →