11 ірі спорттық іс-шара ұйымдастырылады
25 қазан – Республика күні қарсаңында Алматы қаласында ауқымды спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Бағдарламаны қалалық спорт басқармасы әзірлеген, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Мақсат – бұқаралық спортты дамыту, жастарды салауатты өмір салтына баулу және ел тұрғындары арасында бірлік пен патриоттық рухты күшейту.
Мереке күндері қала бойынша 11 ірі жарыс пен фестиваль өткізіліп, оған 30 мыңнан астам спортшы мен көрермен қатысады.
Негізгі шаралардың қатарында:
– «Халық аренада» өтетін балалар хоккей турнирі (22–23 қазан);
– Оқушылар арасындағы тоғызқұмалақтан ашық турнир (23 қазан);
– Әйелдер хоккей командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты («Олимпик» мұз айдынында, 22–26 қазан);
– ЦСКА спорт кешенінде өтетін спорт фестивалі мен шахмат чемпионаты (25 қазан);
– «Сұңқар» трамплин кешенінде әуесқойлардың тік жүгіру жарысы (25 қазан);
– Сайран көлінде ескек есу марафоны және Олимпиада чемпионы Максим Опалевтің шеберлік сабағы (25 қазан);
– Джиу-джитсудан республикалық турнир (25–26 қазан);
– Балалар футбол лигасы мен Алматы студенттер лигасы жарыстары (25–26 қазан);
– 26 қазанда Орталық стадионда өтетін «Қайрат» – «Астана» футбол матчы.