×

Тоқаев Шавкат Рахмоновты «Барыс» орденімен марапаттады

Тоқаев Шавкат Рахмоновты «Барыс» орденімен марапаттады
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің мақтанышы, әлемге танымал аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Президенттің айтуынша, спортшы Қазақстанның атын жаһанға танытып, ел абыройын асқақтатып келеді.

– «ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен даңқты спортшы Шавкат Рахмонов марапатталады. Ол еліміздің атын шет мемлекеттерге танытып, мерейін үстем ету жолында тер төгіп жүр. – делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Шавкат Рахмонов – аралас жекпе-жектегі (UFC) ең табысты қазақстандық спортшылардың бірі.

1994 жылы Өзбекстанның Термез қаласында дүниеге келген спортшы бала кезінен Қазақстанда өсіп, кәсіби мансабын осында қалыптастырды. Ол панкратион, ММА және жекпе-жек самбосынан спорт шебері, бұрынғы M-1 Global чемпионы.

Шавкат Рахмонов кәсіби мансабында 19 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жеткен. Оның 18-і мерзімінен бұрын (нокаут немесе сабмишнмен), ал соңғысы төрешілер шешімімен аяқталған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісуда жергілікті воллейбол клубы 25-жылдығын дүркіретіп атап өтті
04.05.2026ж. 19:54

Жетісуда жергілікті воллейбол клубы 25-жылдығын дүркіретіп атап өтті

Клуб мүшелерін облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтап, марапаттар тапсырды
Осыған орай бүгін Талдықорған қаласындағы құрылыс алаңына Уақыт капсуласы салынды
Соңғы ойындардағы сәтсіз нәтижелер команда басшылығындағы өзгерістерге себеп болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →