×

«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы қысқы ойындарын Астанада өткізеді

Сондай-ақ билет бағалары белігілі болды

«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы қысқы ойындарын Астанада өткізеді
"Қайрат" футбол клубы

Алматының «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі қысқы ойындарын Астанадағы «Astana Arena» стадионында өткізеді. Бұл шешім УЕФА-мен келісілген, деп хабарлайды Qaz365.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоспар бойынша ойындар келесі күндері өтеді:

  • 9 желтоқсан — «Олимпиакос» командасына қарсы матч;

  • 20 қаңтар — «Брюгге» клубымен кездесу.

Клуб өкілдері матчтардың орнын ауыстыруға Алматыдағы ауа райының қолайсыздығы себеп болғанын атап өтті.

«Қыс мезгілінде Орталық стадионда матч өткізу көрермендер мен ойын алаңы үшін қиындық туғызады. Суық ауа райы, шатырдың болмауы және қар жауу қаупі жағдайды күрделендіреді. Сондықтан ойындарды жабық стадионға көшіру шешімі қабылданды», – делінген хабарламада.

Билеттердің құны 15 мыңнан 50 мың теңгеге дейін болады. Сатылым 28 қарашада Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшаларында ашылады. Бір жанкүйерге екі билеттен артық сатып алуға болмайды.

Сонымен қатар, клуб маусымдық абонемент иелерімен жеке байланысып, матчқа қатысу тәртібін түсіндіретінін хабарлады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Дастан Сәтпаев «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алды
Кеше, 22:26

Дастан Сәтпаев «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алды

Балаларды спортқа, футболға баулып, салауатты өмір салтын насихаттауда еңбегі зор
Еліміздің 16 қаласында 1500-ден астам спорт нысанын біріктірген ірі фитнес-агрегаторлардың бірі 1Fit платформасы 2026 жылға арналған өнім трансформациясын жариялады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →