Әлем чемпионатына дүниежүзінің 21 мемлекетінен тоғызқұмалақшылар келді
Тоғызқұмалақтан Алматыда жасөспірімдер (мектеп оқушылары U-15, U-17 классика онлайн/офлайн, рапид, блиц) арасындағы Әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Алматыдағы «Зенит» спорт орталығында биыл екінші рет ұйымдастырылған әлем чемпионатының жабылу салтанаты өтті. Шараның құрметті қонағы ретінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов, Қазақстан Тоғызқұмалақ спорты федерациясының президенті Әкім Тұрсын, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, Алматы қаласы спорт басқармасы, Алматы қаласы қоғамдық кеңес мүшелері, ҚР Тоғызқұмалақ спорты федерациясы және шетелдік делегация өкілдері қатысты.
Ұлттық зияткерлік ойындардың ең көне әрі терең мағыналы түрі – тоғызқұмалақ биыл тағы да әлемдік деңгейдегі спорт мерекесіне айналды. 17–23 қараша аралығында Алматы қаласында жасөспірімдер (U-15, U-17) арасында өткен тоғызқұмалақтан әлем чемпионатына дүниежүзінің 21 мемлекетінен ойыншылар келді.
Бұл жарыс классика (онлайн және офлайн), рапид және блиц форматтарында ұйымдастырылды. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жас спортшылар зияткерлік шеберліктерін сынап, ұлттық ойынды халықаралық деңгейде насихаттайтын мүмкіндік алды.
Чемпионаттың басты мақсаты:
Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті. ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы бірлесе ұйымдастырды.
Демеуші серіктестер – KMF Банк және JET.
Турнир барысында еліміздің ең үздік төрешілері мен мамандары қызмет атқарды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы кубоктармен, медальдармен және
дипломдармен марапатталды.
Тоғызқұмалақ – тек ойын емес, ол ұлттың ойлау мәдениетін, даналық дәстүрін әлемге паш ететін мұра. Бұл чемпионат – жас ұрпақтың интеллектуалдық әлеуетін арттырып,
қазақстандық спорттың абыройын биіктететін маңызды қадам болмақ.
Чемпионат алғаш рет 2023 жылы Алматы қаласында ұйымдастырылды. Оған 17 мемлекеттен 136 спортшы қатысқан. Биыл 21 мемлекеттен 180 тоғызқұмалақ шебері бақ сынады.
Әлем чемпионатына Румыния, Чехия, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Қазақстан, Қырғызстан және басқа мемлекеттер қатысты.
Әлем чемпионатының жабылу салтанаты 22 қараша сағат 15:00-де “Зенит” спорт кешенінде өтті.